Құрметті қатысушылар!

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру міндетін қойды.

Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» мемлекеттік кәсіпорны халық арасында өнертапқыштық белсенділікті ынталандыруға бағытталған Жобаны іске қосты. Жоба шеңберінде «Шапағат» республикалық форум» интернет-ресурсы әзірленді, онда электрондық форматта: 

  • Өнертабыстар жәрмеңкесі; 
  • «Шапағат» республикалық конкурсы; 
  • Жас өнертапқыштар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» конкурсы өткізіледі.

Өнертабыстар жәрмеңкесі өнертапқыштарға өз өнертабыстарын өзіндік  жылжытуға, қосымша мәліметтерді орналастыруға, өз өнертабыстарын өндіріске енгізу үшін бизнес серіктестерді іздеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде әлеуетті инвесторлар жәрмеңке алаңында орналасқан өнертабыстарға қол жеткізе алады.        

«Шапағат» өнертапқыштар конкурсы аясында интернет пайдаланушылар әлеуметтік желілер және СМС жолдау арқылы онлайн-дауыс беру жолымен олардың ойынша ең жақсы деген өнертапқыштарды таңдайды. 

Байқаудың тарихы

2017 | 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005

Өнертабыстар әлемінен жаңалықтар