Н. Назарбаев қорының оқушылар байқауы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-мен бірлесе оқушылар арасында көлік саласында байқау жарияланды. Байқау оқушылардың көлік саласына қызығушылығын арттыруға және оқушыларды мамандықты саналы таңдауға ынтасын қалыптастыруға бағытталған. Байқау алғашқы рет жастар арасында сыни ойлау қабілетін дамыту қажеттілігі аталып өткен Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында 2017 жылы өткізілді. Байқаудың қосалқы ұйымдастырушылары Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы ЖОО кейінгі білім мекемелерінің бірі болып табылатын франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сондай-ақ Назарбаев университеті болып табылады. Байқаудың әріптестері "Эйр Астана" Ұлттық тасымалдаушысы мен "Samruk- Kazyna Trust" Корпоративтік Қоры. Байқауға қатысушылары болып ағылшын тілін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдарының саласында жетістіктері бар, сондай-ақ өздік жобалық жұмыс жасау тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің 16-дан 18-ге дейін жас аралығындағы оқушылар табылады. Командалар облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен құрылады. Іріктеу туры 2018 ж. шілденің 24-26 аралығында Астана қаласында өтеді, қорытындылары бойынша ақтық сынға шыққан командалар 2018 ж. 19-26 тамызы аралығында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танысу сапарына аттандырылады.