Цифрлы стетоскоп (EkoCore)

 

Бұл аппараттың адаптері  «бұлтты  қоймамен» байланысты. Барлық  жүрек соғысы туралы ақпарат бір жерге жиналады және сараланады.  Жүрек соғысының ритмін  тыңдау және  ақауларды табу нағыз өнер деп айтсақ болады.

         Жүрек соғысының дыбысын смартфонға жазып алуға болады. Арнайы  қосымша  жүрек дыбысын саралайды және  «бұлтты қоймада» бұрын  жазылған мәліметтермен салыстырады.

         Осы арқылы дәрігерлер  жүректегі ақауларды  ести алады және  осы проблемаларды  анықтап, оларды шешуге тырысады. Қазіргі уақытта Джон  Чорба (JohnChorba) бастаған  ғалымдар Сан-Францискода Калифорния университетінің зертханасында  EkoCore сынақтан өткізуде. Чорба кардилог  және EkoCore-ны  ойлап тапқан  өнертапқыштар тобының  кеңесшісі  болып табылады.

         Жетістікке жеткен жағдайда аппарат  дәрігерлердің   диагноз қою барысындағы қателіктерінің санын азайтар еді. Ол өз кезегінде емделушілердің эхокардиография секілді қымбат тесттер тапсыруда  қаржыларын үнемдеулеріне  мүмкіндік береді.

 

http://www.infoniac.ru/news/25-luchshih-izobretenii