Ерекше өнертабыс: аспаз-робот сіздің жақсы көретін тағамыңызды әзірлеп береді. Ерекше ойлар/ Өнертабыстар

 

Енді ауыр жұмыс күнінен кейін бірден ас үйге кірудің қажеті жоқ! Сіздің енді керемет  көмекшіңіз бар: аспаз- робот  кез келген тағамды жасай алады!  Тамақ пісіргенді  жақсы көретін көптеген адамдар  бар және олар үшін ас үйге  кіріп тамақ пісіру еш қиындық тудармайды,  ал көпшілігіміз үшін  ұзақ және ауыр жұмыс күнінен кейін тамақ пісіру керектігі туралы ой бізді  қуанта қоймайтындығы анық.  Сондықтан да  қазіргі уақытта тамаққа сырттан тапсырыс беру көбейіп келеді. Бұл әрине қымбат екені белгілі, сонымен қатар  бұндай тағамдар  денсаулыққа зиянды. Бұл проблеманың  керемет футуристік шешімі алыста емес: «Робототехника Моли» британдық компаниясы  Германияда өткен  Ганновер технологиялар жәрмеңкесінде  робот- аспаздың  прототипін  ұсынды.  Робот- аспаз  екі жылдам қозғалатын қолдан тұрады,  оларды ас үйдің төбесіне  орналастыру керек. Күрделі құрылғы  адамның қимылдарын 3D жазып алады, сосын  сол бойынша қимылдарды қайталайды. Шеф-повар Тим Андерсон роботтың прототипін өзінің студиясында  тамақ дайындауға  үйретті. Компания робот- аспаздың коммерциялық қолжетімді  нұсқасын 2017 жылы шығаруды жоспарлап отыр.   Роботтың  таныстырылымында  аппараттық қамтамасыз ету жұмысының  принципі және  мыңдаған рецептен тұратын кітапханасы  көрсетілді.  Робот- аспаздың қашықтықтан  басқарылатын түрін шығару жоспарлануды.  Енді сіз  диванда демалып отырғанда ғана тамағыңыз дайындалып қоймай,  ертерек, яғни, сіз жұмыста отырған кезде де тамағыңыз алдын ала дайын тұратын болады. Роботқа енгізілген камералар  тағам жасау барысында  қолданушының қимылдарын  үйренуге мүмкіндік береді, сондықтан да  өзініңіздің  рецептеріңізді жүйеге енгізуге болады.  Бірақ, өкінішке орай,  бұл технологиялар арзан болмайды: бір ғажайып- роботтың құны 15,000 $ жуық! Бірақ, мүмкін бұл соған тұрарлық шығар.

 
Толығырақ : https://miridei.com/interesnye-idei/izobreteniya/povarrobot_prigotovit_lyuboe_vashe_lyubimoe_blyudo/