Байқау туралы

Байқау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қамқорлығымен өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Назарбаев Университеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Крэнфилд университеті (Ұлыбритания) болып табылады.

Байқаудың серіктестері «Samruk-KazynaTrust» корпоративтік қоры және «AirAstana» ұлттық әуетасымалдаушысы болып табылады.

Байқау жыл сайын қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және қалың жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру мақсатында өткізіледі.

Байқауға 16-18 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің ағылшын тілін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктері, сондай-ақ өзіндік жобалық қызмет тәжірибесі бар оқушылары қатысады.

Байқау марапаты:

Жеңімпаз топтар Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танысу сапарына жіберіледі.

Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау Астана қаласында өткізіледі. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау уақыты мен орны туралы хабарландыру жаңалықтар айдарында жарияланады.

Ұйымдастырушылар мен демеушілер