«Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы» атағын беру байқауы басталды

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру Ережесіне сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау ашық. Өтініштер 2020 жылдың 1 мамырына дейін i.shertysheva@kazpatent.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Дәреже жыл сайын екінші тоқсанда, сараптамалық ұйымымен өткізетін конкурс нәтижесі бойынша тағайындалады. Комиссияның жұмыс органы сараптамалық мекеме болып табылады («ҰЗМИ» РМК).

Өтінімдерді берумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, комиссия хатшысы Шертішева Іңкәр Төлеутайқызына +7 705 429 91 72 телефон номеріне хабарласуды сұраймыз.

 

Ескерту: өтінімдер электрондық нысанда қабылданады!

 

 

 

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» конкурсының құрмет атағын беру нәтижесі

 

Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы директорының 2019 жылғы 3 маусымдағы №172-нқ бұйрығымен конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» атағы ең көп балл жинаған екі кандидатқа берілді:               

Исагулов Аристотель Зейнуллинович-техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия»      кафедрасының профессоры. 

Балджи Юрий Александрович- «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты,  доцент, «NFT-KATU» ЖШС-і стартап-компаниясының директоры.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы ең көп қажетті және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторы болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында сарапшы ұйыммен жыл сайыңғы II тоқсанында конкурс нәтижесімен тағайындалады.   

Кандидаттың өнертабыстық қызметіне салған маңызды критериялары мыналар болып табылады:      

  1. авторлық куәлік және де өнертабыстарға алынған әрекеттегі патенттердің жалпы көлемі;
  2. әр түрлі экономика саласында патенттелген өнертабыс, аса маңызды және кеңінен енгізу мен қолдану нәтижесі (мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың пікірлері), өнертабысты енгізу актісі, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті іске асыратын тұлғалар);
  3. өнертабысты қолдануға  құқық беру және аударымдарды тіркеу

мөлшері;

«ҰЗМИ» РМК-ы 2018 жылдан бері конкурс комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштары-2019

 

Исагулов Аристотель Зейнуллинович – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының профессоры

Балджи Юрий Александрович – «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты,  доцент, «NFT-KATU» ЖШС-і стартап-компаниясының директоры

 

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштары - 2018

 

Абылай Рысбайұлы Сансызбай - «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры

Гүлнәр Сабыровна Шабдарбаева - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылымдыр Академиясының корреспондент-мүшесі

Жұмабай Байнатович Байнатов – профессорға – Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Кәрібек Тағаевич Шеров – техникалық ғылымдардың докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры

 

Нұрлан Джумагулович Батпенов – «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК директоры