Конкурс ережесi

КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Зияткерлік меншіктің рөлін арттыру; өнертапқыштық қызметті насихаттау
 

КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Жұртшылықтың өнеркәсіптік қызмет туралы ақпараттану деңгейін арттыру; болашағы бар өнертабыстарды жылжыту үшін көмек көрсету.

 

ӨТІНІМДЕРДІ БЕРУ МЕРЗІМІ (видеороликтер):

2019 жылғы 26 сәуірден 26 тамызға дейін 

 

ДАУЫС БЕРУ  
 2019 жылғы 1 қыркүйектен 10 қазанға дейін

 

ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ ЖАСАУ  
 2019 жылғы 16 қазан
 

 

ҚОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

2018 жылы берілген Өнеркәсіп үлгілері, пайдалы модельдер, өнертабыс патенттеріне ие Қазақстан Республикасының қазіргі құқық иелері
 

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

1 – қадам – өз өнертабысы (пайдалы моделі және өнеркәсіптік үлгісі) туралы оның мәнін ашпастан,  ұзақтығы 3 мин видеоролик түсіру.

 
2 – қадам – роликті YouTube порталына салып қою және сайтта онлайн-өтінім беру кезінде видеороликке сілтемені көрсету;
  Ескерту: роликті YouTube – ке орналастыру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда,   «ҰЗМИ» РМК-ға немесе kazpatent@kazpatent.kz электрондық поштаға «Шапағат» конкурсы деген белгімен жіберу мүмкіндігі беріледі.

3 – қадам – алдын ала құпия ақпаратты жарияламау және патентиеленушінің (автордың) өзінің  видеороликте орналасқан ақпарат үшін жауапкершілігі туралы арнайы келісімге қол қойып онлайн-өтінім беру.
 
Видеороликке ұсыныстар: ролик өнертабыстың өзектілігі, әлеуметтік маңыздылығы, өзін өзі ақтауы; тиімділігі: мақсатты аудиториясы: құрылған немесе құрылып жатқан жұмыс орындары  және т.б. туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.   
Конкурсқа қатысушыларға ескерту!  Конкурсты ұйымдастырушылар видеороликтің мазмұны үшін жауапты емес!      

 

Интернет пайдаланушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған финалистер дипломдармен және  «Шапағат» статуэткаларымен марапатталады.

Конкурс изобретателей «Шапағат»