«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» байқауы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕРТАПҚЫШЫ» АТАҒЫН БЕРУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫЛАР ШЫҒАРЫЛДЫ
 
2025 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, «QazBioPharm» холдингі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы КЕАҚ,  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және еліміздің ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Ph.D Жабағин Мақсат Қизатұлының төрағалық етуімен «Шапағат-2025» өнертабыс саласындағы Республикалық конкурс (әрі қарай - Конкурс) комиссиясының отырыс өтті.
Конкурсқа барлығы 142 өтініш келіп түсті, оның 102-сі комиссияның қарауына қабылданды. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беруге 10 өтінім келіп түсті.
Комиссия «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын Аркадий Игнатьевич Кимге (Алматы қ.) беру лайықты деп шешті. Өнертапқыштың балық шаруашылығы саласына қатысты ойлап тапқан 120-дан астам техникалық шешімдері бар және олардың 52-сі өнертабыстар ретінде тіркелген.
Марапаттау рәсімі 2025 жылдың 5 желтоқсанында өтеді. Орны мен уақыты кейінірек хабарланады.
 
 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2025

Аркадий Игнатьевич Ким

«Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС кешенді балық шаруашылығы зертханасының меңгерушісі


 
 
 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2024

Қалқаман Жумашұлы Жұмашев

- техника ғылымдарының докторы, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі

 

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2023

Ерғали Нұғыманұлы Нәбиев 

«С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ травматология және ортопедия кафедрасының профессоры, м.ғ.д.


 

 

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштары-2022

Нүркелді Сатыбалдыұлы Асанов
«Волковгеология» АҚ бас инженері
 
Күнсұлу Дальтонқызы Закарья
- биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры

 

   

 

Юрий Николаевич Пак

«Геология және ПКОҚӨ» кафедрасының техника ғылымдарының докторы

Әбділда Тұрсынханұлы Мейірбеков

- техника ғылымдарының кандидаты, халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі

 

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштары-2021

Куликов Виталий Юрьевич
 техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды ​​техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры
Пак Дмитрий Юрьевич
техника ғылымдарының кандидаты, 
Қарағанды ​​техникалық университетінің доцент міндетін атқарушы
     

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштары-2020

Дудкин Михаил Васильевич 

- техника ғылымдарының докторы, Д. Серикбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Инженерия мектебінің профессоры

Маемеров Мелес Макешович

- техника ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университетінің Тағамдық және қайта өңдеу технологиясы проблемалық ғылыми-зерттеу зерханасының меңгерушісі

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштары-2019

Исагулов Аристотель Зейнуллинович – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының профессоры

Балджи Юрий Александрович – «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты,  доцент, «NFT-KATU» ЖШС-і стартап-компаниясының директоры

 

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштары - 2018

Абылай Рысбайұлы Сансызбай - «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры

Гүлнәр Сабыровна Шабдарбаева - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылымдыр Академиясының корреспондент-мүшесі

Жұмабай Байнатович Байнатов – профессорға – Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Кәрібек Тағаевич Шеров – техникалық ғылымдардың докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры

 

Нұрлан Джумагулович Батпенов – «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК директоры